30
сентябрь
2023
Әлеуметтік педагог
2023-жылдың 1-тамыз 30- қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясының ұйымдастырылуы туралы анықтама
Әлеуметтік бағыттағы баста жыл сайын 1-тамыздан 30-қыркүйекке дейін жүргізіледі. Осы орайда мектебімізде 2023-жылдың 31-шілдесінде аудандық білім бөлімінінен келген телефон хабарламаға сәйкес, мектепішілік бұйрық шығарып, акцияны ұйымдастыру комитеті құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді. Акцияның мақсаты-көп балалы, жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балаларына көмектесу, баланың мектепке бармай қалуының алдын алу. Жыл сайын өтетін қайырымдылық шарасы биыл көмекке мұқтаж балаларды барынша қамтамасыз ету мақсатында тамыздан басталды.
Дәлелсіз себептер бойынша мектепке келе алмай жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылды.
Жаңа оқу жылының қарсаңында қолға алынған шара биылғы жылы «Жақсылық жаса» ұранымен өткізілуде. Әлеуметтік бейнероликтер шығарылып, мектеп сайтына, инстаграм және әлеуметтік желілерге шығарылды. Мектептің кіре берісіне банер орналастырылды. Балалар мен ата-аналарды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау мақсатында қайырымдылық көмек шарасы ешқандай салтанат жасамай-ақ өткізілді. Акция барысында жоспар бойынша жұмыстар осы күнге дейін жалғасуда. Бұл акция жыл бойы жүргізілгендіктен алдағы уақытта да көмек көрсетілетін болады. Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы ауылымыздағы жастардың ұйымшылдығының арқасында 24 оқушыға 226 380 тг, ауылымыздың тұрғыны Сасиков Алимжан 8 оқушыға 76 500тг, Алматы қаласында тұратын ауылдастарымыз үйде оқитын 6 оқушыға 66 000 тг, Ұйғыр этно мәдениет ұйымы тарапынан 1 Ә сынып оқушыларымызды киім-кешек, кеңсе тауарларымен қамтыды. Сонымен қатар Жалпы мектеп бойынша акция кезінде осы күнге күнге дейін 45 оқушыға 439 880 тг көлемінде оқушылар мектепке кеңсе заттарымен, киім-кешекпен қамтылды. «Мектепке жол» акциясын іске асыру барысында оқу құралдары мен мектеп формасымен қамтамасыз етіп берген демеушілерге, ұстарға үшін мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы барлық қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді.