"Мектепке жол" акциясы » Ғ.Садвақасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ғ.Садвақасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2022

"Мектепке жол" акциясы

     Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс адамзатқа тән құбылыс. Ендеше көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйенші болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық. Қайырымдылық халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. "Жаңашырлыққа жан риза" дегендей кемтар, жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасындағы балалардың жаңашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
       2021-2022 оқу жылында "Мектепке жол" қайырымдылық акциясының өткізілуі мен ұйымдастырылуы туралы жұмыс жоспары бекітілді. Акция туралы хабарландыру, сұраныстар, дүкендерге, демеушілерге, мекеме басшыларына жіберілді. Шарамыздың басты мақсаты балаларды киім-кешекпен және оқу құралдары, кеңсе тауарларымен қамту қарастырылған. "Мектепке жол" акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы, толық емес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасындағы оқушыларға көмек көрсетілді. Жалпы айтқанда биылғы оқу жылында 78 оқушыға  194 500тг көлемінде көмек көрсетілді.
      Айтып өтетін болсақ: демеушілерден Даутова Альбина Наримановна 30 қыз балаға мектеп костюмі, Қазақтелеком қызметкерлері - 3 оқушыға кеңсе заттарымен сумка, Гаппарова Рехимбуви Гаппаровна 35 оқушыға аяқ-киім, Ұйғыр этно мәдениет бірлестігі 2 оқушыға кеңсе заттарымен бірге мектеп сумкасын, ауылдық мешіттен 8 оқушыға кеңсе заттарын сыйға тартты.